Malaisian Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағын іздеп жүрген Қытай Халық Республикасының "Цзинганшань" ірі әскери кемесі жаңа ауданға ойысты, - деп хабарлайды BBC News.
Malaisian Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағын іздеп жүрген Қытай Халық Республикасының "Цзинганшань" ірі әскери кемесі жаңа ауданға ойысты, - деп хабарлайды BBC News.
Осылайша 29 наурыз күні яғни бүгін "Цзинганшань" әскери кемесі іздеу бағытын Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне өзгертті. Еске салайық, 24 наурыз күні Малайзия елінің Үкімет басшысы Наджиб Разақ "Malaysia Airlines жоғалған ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жарылуы мүмкін" деген болатын.
"Жаңадан ашылған деректерге сүйенсек, Boeing 777 ұшағының соңғы рет Үнді мұхитының орталық тұсында ұшып бара жатқан сәті тіркелген, яғни қонуға мүмкін болатын әуежайлардың барлығынан да алшақта болған. Осыған байланысты мен ұшақ соңғы рет өзінің ұшу барысын Үнді мұхитының оңтүстік аумағында аяқтады деуге мәжбүрмін" - деді Разақ.
Еске салайық, наурыздың 8-іне қараған түні Малайзияның астанасы – Куала-Лумпур қаласынан ұшып шыққан ұшақ арада екі сағаттай уақыт өткенде, бақылаушы радардан көрінбей кеткен. Содан бері ұшақпен ешқандай байланыс жоқ. Тек бақылаудан кетіп қалған ұшақтың әуеде тағы жеті сағаттан астам уақыт ұшып жүргені ғана белгілі болған. Жалпы, жоғалған ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі, барлығы 239 адам болған.