Мали астанасы Бамако қаласында Radisson қонақүйіне жасалған қарулы шабуылдан 19 адам қаза тапты, жеті адам жарақаттанды, екі лаңкестің көзі жойылды. Бұл туралы ел президенті Ибрагим Бубакар Кейт мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Президент елде төтенше жағдай жариялады.
Терроризммен күрес бөлімінің прокуроры шабуылға он адам емес, Калашников автоматымен қаруланған екі адамның қатысқанын айтты. "Қолымыздағы деректерге сүйеніп мұның лаңкестік шабуыл болғанын айта аламыз. Арнайы операция кезінде 105 адам босталды", - деді ол. Прокурор зардап шеккендердің ішінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері және қонақүйдің бір қызметкері бар екенін айтты.
Еске сала кетейік, 20 қарашада содырлар Radisson Hotel Bamako қонақүйіне басып кіріп, 170 адамды кепілге алған. Алдын ала мәлімет бойынша, кепілге алынғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл шабуылды ДАИШ сенімін ұстанатын "Әл-Мурабитун" террорлық тобы мойнына алды.