Малиде көтерісшілер президент пен премьер-министрді кепілге алды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малиде көтерісшілер президент пен премьер-министрді кепілге алды - БАҚ Мали президенті Ибрагим Бубакар Фото: © REUTERS

Малиде көтерісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министр Бубу Сиссені кепілдікке алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малиде көтерісшілер президент Ибрагим Бубакар Кейт пен премьер-министр Бубу Сиссені кепілдікке алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Жалғасы

Жергілікті және батыс бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, көтеріліс дүйсенбіде Мали астанасы Бамаконың маңындағы әскери күштердің базасында басталған.

"Президент пен премьер-министр біздің бақылауымызда. Біз оларды президент резиденциясында қамауға алдық. Қазіргі таңда президент пен премьер-министр бронетранспортерда отыр. Біз оларды Катиға апара жатырмыз", - дейді Франс Пресс агенттігіне көтерісшілердің бірі.

Мали үкіметі осыған дейін көтерісшілерді сабыр сақтап, диалог орнатуға шақырған. Премьер-министр коммюникеге де қол қойған болатын.

Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, көтерісшілерді Дьяу және Камара есімді полковниктер, генерал Шейк Фантамади Дембеле басқарып отыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети