Мальтаның оңтүстігінде әуе апатынан 5 адам қаза болған. Құлап жатқан сәтті куәгер видеоға түсіріп алып, YouTube желісінде жариялаған.
Мальтаның оңтүстігінде әуе апатынан 5 адам қаза болған. Құлап жатқан сәтті куәгер видеоға түсіріп алып, YouTube желісінде жариялаған.
РИА Новости мәліметінше, жеңілмоторлы Metroliner ұшағы дүйсенбіде таңертеңгі уақытта ливиялық Мисратуға ұшып бара жатқан. Ол Мальтаның оңтүстік бөлігінде Лука қаласынан ұшып шыққан.
Осыған дейін, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Еуроодақтың шекара қызметкерлері болғаны хабарланған. Алайда, біраз уақыттан соң, қайтыс болғандардың барлығы Францияның азаматтары екені анықталған.
"Бұл рейс ЕО-қа мүлдем қатысы жоқ", - деді Еуроодақ бас мәмілегері Федерика Могерини Twitter желісінде.
Куәгерлердің айтуынша, әуе апаты әскери бөлімнен 10 метр жерде болған. Жердегі адамдар зардап шеккен жоқ. Халықаралық Мальта әуежайының сайтында, қазіргі уақытта апаттың неліктен болғаны тексеріліп жатқаны жарияланған. Әуежай уақытша өз жұмысын тоқтатты.