Маман Керчь колледжіне шабуыл жасаған студенттің психологиялық портретін жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маман Керчь колледжіне шабуыл жасаған студенттің психологиялық портретін жасады © РИА Новости / Алексей Мальгавко

Қырым Федерал университетінің психология факультетінің деканы, профессор Евгений Черный Керчь колледжінде атыс шығарған студент Владислав Росляковтың психологиялық портретін жасап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырым Федерал университетінің психология факультетінің деканы, профессор Евгений Черный Керчь колледжінде атыс шығарған студент Владислав Росляковтың психологиялық портретін жасап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Психологтың айтуынша, атыс шығарған студент кек алуды мақсат екен.

"Жігіттің мұндай әрекетке баруына өз-өзіне сенімсіз болуы, өзін-өзі төмен бағалауы, бойындағы жатырқаушылық және басқалардан шеттетілуі себеп болуы мүмкін", - дейді маман.

Оның айтуынша, студенттің мұндай қылмыс жасауға айтарлықтай себебі болмаған.

Осыған дейін Владислав Росляковтың атыс шығармас бұрын өзінің жеке заттарын өртеп, белгісіз бір сейфті көміп тастағаны жайлы хабарланған болатын.

Керчь колледжіндегі шабуылдың видеосы жарияланды

Еске салайық, 17 қазанда Керчь техникумында жарылыс болып, артынша атыс болған еді. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта жарылыс болып, ал кейін сыртқа жүгіріп шыққандарға оқ атыла бастаған. Бұл қылмысты жасады деген күдікті - төртінші курс студенті 18 жастағы Владислав Росляков өзіне қол жұмсаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети