24 маусым 2020 | 09:08

Маман коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың аяқталу мерзімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қытай инженерлік ғылымдар академиясының академигі, елдің жетекші эпидемиологтарының бірі Чжун Наньшань коронавирустың аяқталу мерзімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вирусолог COVID-19 биыл қыс мезгілі мен 2021 жылдың көктемінде жойылмайды деп болжап отыр, алайда жұқтырудың екінші толқыны масштабты түрде болмайды.

"Эпидемия қыста, көктемде жойылмайды. Биыл қыста, келесі жылдың көктемде жұқтырудың өсуі жалғасуы мүмкін. Бірақ мен әлемдегі бірінші толқын секілді екінші толқын ауқымды болады деп ойламаймын", - деді Чжун Наньшань.

Вирусолог қажет уақытта инфекцияның жергілікті өршуінің таралуына жол бермеу үшін әуе рейстерін қысқарту, оқу орындарында сабақтарды тоқтату сияқты қысқа мерзімді қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Қытай билігі 2019 жылғы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын елдің орталық бөлігіндегі Ухан қаласында (Хубей провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабарлаған болатын. Мамандар аурудың қоздырушысы коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады, кейінірек инфекцияға ресми COVID-19 деген атау берілді. ДДҰ 11 наурызда COVID-19 пандемиясын жариялады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети