26 қаңтар 2021 | 12:43

Маргарита Юдина ішінен тепкен сарбаз жазаланғанын қалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрдан алынған Кадрдан алынған

Ресейде 23 қаңтардағы митинг кезінде сарбаздан соққы көрген Маргарита Юдина журналистерге оқиғаның жай-жапсарын айтты. Сонымен қатар, жәбірленуші кенеттен келіп кешірім сұрағандықтан абдырап қалғанын, сол себепті кешірім берегенін айтты. Ол қылмыскерді тауып, жазалау үшін тергеу комитетіне жүгінетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 47news.ru және "Новая газета" басылымдарына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде 23 қаңтардағы митинг кезінде сарбаздан соққы көрген Маргарита Юдина журналистерге оқиғаның жай-жапсарын айтты. Сонымен қатар, жәбірленуші кенеттен келіп кешірім сұрағандықтан абдырап қалғанын, сол себепті кешірім берегенін айтты. Ол қылмыскерді тауып, жазалау үшін тергеу комитетіне жүгінетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 47news.ru және "Новая газета" басылымдарына сілтеме жасап.

"Новая газета" басылымына берген сұхбатында Юдина оны тепкен сарбаз жазалануы керегін айтты:

"Маған полиция қыметкерлері куәлік алу үшін емес, қызметкерін кешіруді сұрап келді. Бұл іс кешірім сұраумен жабылмауы керек. Сондықтан мен Тергеу комитетіне хабарласып, кім шабуыл жасағанын анықтағым келеді", - деді Юдина.

Маргарита Юдинаны "Команда 29" қорғауына алатынын хабарлады басылым.

Ал 47news.ru басылымына берген сұхатында Маргарита Юдина 23 қаңтарда болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді.

"Мен бар-жоғы балаларды жіберуін сұрадым. Олар еш қарсылық танытпай, жай тұрған балалар еді. Содан кейін біреуі ішмнен тепті, қалғаны есімде жоқ. Мен ауруханада ояндым, біраз уақытқа дейін есімді жинай алмадым", - деді ол.

Полиция қызметкерлерінің келіп кешірім сұрауына байлынасты:

"Олар күні бойы оны кешіруді сұрады. Полковник пен бір әйел Вера Юрьевна келуі үшін мені реанимациядан палатаға ауыстырды. Олар сарбаздың өте жақсы азамат екенін айтты. Бірақ бұл тек маған қатысты жайт емес қой. Менің орнымда кез келген адам болуы мүмкін еді. Ол сарбазбен жеке келіспеушілігім де жоқ. Аз уақыттан кейін 78-арнаның тілшісі кіріп келді. Абдырап қалдым. Жалпы мінезім жұмсақ адаммын, сондықтан кешірдім. Бірақ асығыстық жасаған тәріздімін. Барлық саяси тұтқын мен Алексей Навальныйды босатсаңыздар кешірім беремін деуім керек еді", - деді Маргарита Юдина.

Айта кетейік, Маргарита Юдина балаларды қорғап, араша түскені түсірілген кадрлар 23 қаңтарда желіде таралған еді. Видеода оны сарбаз бар күшімен тепкені көрсетілген. Әйел құлап, басын асфальтқа соқты. Санкт-Петербург тұрғыны аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Кейінірек арнайы жасақ сарбазы өзінің әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол бес минут бұрын бетіне шашылған газ көзін тұмшалап, не болып жатқанын ажырата алмай қалғанын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети