Марин Ле Пен босқындардың балаларын тегін білім беруден айыруды ұсынды 08 желтоқсан 2016, 21:44
"Ұлттық фронт" партиясы атынан Франция президенттігіне үміткер Марин Ле Пен заңсыз келген босқындардың балаларын француз мектептерінде тегін оқу құқығынан айыруды ұсынды. Бұл туралы ол жақтастарының Парижде өткізген митингіде айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
"Біздің елге келігеннен кейін сіздердің жағдайларыңызды жасап, балаларыңыз тегін оқиды деп ойламаңыздар. Осы ойнағанымыз да жетеді!"- деді саясаткер.
франция президентін сайлау 2017 жылдың сәуір-мамыр айларында өтеді. Қоғамдық сауалнама Марин Ле Пен екінші турға өтіп, оңшылдар партиясынан Франсуа Фийонмен таласқа түсетінін көрсетіп отыр.