11 мамыр 2014 | 19:49

Мариуполь милициясы басшысының асылып тұрған денесі табылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мариупольде 9 мамырдағы қақтығыс кезінде ұрланған милиция басқармасының бастығы Валерия Андрощуктің өліміне қатысты ақпараттарға тексеру жүргізілуде, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Мариупольде 9 мамырдағы қақтығыс кезінде ұрланған милиция басқармасының бастығы Валерия Андрощуктің өліміне қатысты ақпараттарға тексеру жүргізілуде, - деп хабарлайды РИА Новости.

Украиналық БАҚ Андрощуктің Мариупольдегі әуежай ауданында асылып тұрған денесі табылғанын жарыса жазуда.

"Қазір Донецк облысының ішкі істер департаменті ақпараттың ақ-қарасын оқиға орнынан білуге аттанды" - деп хабарлайды Украинаның Ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Қазір Мариуполь қалалық милиция басқармасының міндетін атқару ісіне  Олег Моргун тағайындалып отыр. Бұдан бұрын қақтығыс кезінде Мариупольдің МАЙ басшысы Виктор Саенко қаза тапқан болатын. Бұл ақпаратты халық қалаулысы Олег Ляшко растады.

Валерия Андрощукті де ұрлап әкеткенін  халық қалаулысы Олег Ляшко  хабарлаған еді. Оның айтуынша, милиция басшысы өртеніп жатқан ішкі істер департаментінің ғимаратын тастап қашып кетпек болған. Сол сәтте Андрощукті белгісіз адамдар пышақтап, күштеп көлікпен алып кеткен.

Еске салайық, Украинада 9 мамыр күнгі фашизмге қарсы ұйымдастырылған шеруде жаппай қақтығыс орын алып бірнеше адам зардап шекті. Ресми ақпарат бойынша қақтығыс барысында шейіт болғандардың саны оншақты адамға жетіп, 42 адам жараланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети