12 мамыр 2014 | 10:54

Мариуполь милициясының ұрланған басшысы босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Осыдан біраз бұрын зорлықпен алып кеткен Мариуполь милициясының басшысы босатылды. "Газета.ru" сайтының хабарлауынша, бұл туралы Украина халық қалаулысы және президенттікке кандидат Олег Ляшко өзінің Facеbook-тегі жеке парақшасында мәлім еткен.


Иконка комментария блок соц сети

Осыдан біраз бұрын зорлықпен алып кеткен Мариуполь милициясының басшысы босатылды. "Газета.ru" сайтының хабарлауынша, бұл туралы Украина халық қалаулысы және президенттікке кандидат Олег Ляшко өзінің Facеbook-тегі жеке парақшасында мәлім еткен.

"Бірлескен күшпен Мариуполь ішкі істер басқармасының бастығы Валерий Андрущукты тұтқыннан босатып алуға мүмкіндік алдық. Ол тірі, бірақ жағдайы өте ауыр", - деп жазған О.Ляшко. Оның айтуынша, Андрущуктың бас сүйегіне зақым келген, басынан қатты жарақат алған, қабырғасы сынған. Ляшко Андрущуктың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БАҚ құралдары Андрощуктің Мариупольдегі әуежай ауданында асылып тұрған денесі табылғанын жарыса жазған болатын. "Қазір Донецк облысының ішкі істер департаменті ақпараттың ақ-қарасын оқиға орнынан білуге аттанды" - деп хабарлаған Украинаның Ішкі істер министрі Арсен Аваков. Кейін Олег Ляшко Мариуполь милициясының басшысы тірі және федерализация жақтастарының тұтқынында тұрғанын мәлім еткен. 

Еске салайық, 9 мамыр күнгі қақтығыс кезінде Андрущукты ұрлап әкеткен болатын. Мариупольдегі Жеңіс күні фашизмге қарсы ұйымдастырылған шеруде Украиналық күштік құрылымдар әскери бронетехника жеткізіп, арнайы операцияны бастағаннан кейін жаппай қақтығыс орын алған. Ресми деректер бойынша, қаза болғандардың саны тоғыз адамға жеткен, 42 адам жарақат алған. Қақтығыс салдарынан Мариуполь жол полициясының бастығы Виктор Саенко қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети