Еуропада 5 миллионға жуық украиналық босқындар тіркелді. Украина келесі аптада ЕО үміткерінің мәртебесін алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.
Еуропада 5 миллионға жуық украиналық босқындар тіркелді. Украина келесі аптада ЕО үміткерінің мәртебесін алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.
Зеленский Путинге қарсы санкциялар енгізді
Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресей президенті Владимир Путинге және Ресейдің тағы 34 мемлекет қайраткеріне, оның ішінде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровқа, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевке қарсы жеке санкциялар енгізу туралы шешімін мақұлдады.
Сонымен қатар, Зеленский Ресейдің 236 университеті мен 261 университет басшысына санкциялар енгізді. Шектеулердің қатарына мәдени алмасуды, ғылыми ынтымақтастықты, білім беру және спорттық байланыстарды тоқтату жатады.
Мариупольде зейнетақыны рубльмен бере бастады
Ресей басып алған Мариуполь қаласының оккупациялық билігі жергілікті тұрғындарға зейнетақыны рубльмен бере бастады.
Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі Петр Андрющенко мәлімдеді.
"Ресей билігі Мариупольде зейнетақыны рубльмен бере бастады. Олардың жүйесінде 47 мыңға жуық зейнеткер тіркелген", - деді Андрющенко.
Украина мемлекеттік сатқындыққа барғандарды азаматтықтан айырады
"Слуга народа" партиясының мүшесі, Жоғарғы Рада депутаты Сергей Кузьминых мемлекеттік сатқындық үшін азаматтығынан айыру туралы заң жобасын ұсынды. Украина қылмыстық кодексінің 111-бабына түзетулер енгізу ұсынылды. Қазіргі уақытта заң жобасының мәтіні жоқ.
Наурызда Украина президенті Владимир Зеленский соғыс уақытында мемлекеттік сатқындық пен тонау үшін жазаны қатаңдату туралы заңға қол қойған еді.
©REUTERS
ДХР соты шетелдік содырларды өлім жазасына кесті
ДХР Жоғарғы соты Ұлыбритания азаматтары Шон Пиннер мен Эйден Аслинді және мароккалық Саадун Брагимді Украинаның жендеттері деп таныды.
©REUTERS
Украина СІМ спикері Олег Николенко Украина қарулы күштері құрамында соғысып жатқан барлық шетелдіктер Украинаның әскери қызметшілері екенін және оларды босату үшін мемлекет бар күшін салатынын мәлімдеді.
British citizens Aiden Aslin and Shaun Pinner, and Moroccan national Saadoun Brahim, all of whom fought on contract with Ukraine’s military, have been sentenced to death by the Kremlin’s puppet authorities in Donetsk in show trial that lasted mere days. They were not mercenaries. pic.twitter.com/QYGOEkHXHE
— Christopher Miller (@ChristopherJM) June 9, 2022
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс бұл үкімді заңсыз деп атады.
I utterly condemn the sentencing of Aiden Aslin and Shaun Pinner held by Russian proxies in eastern Ukraine.
— Liz Truss (@trussliz) June 9, 2022
They are prisoners of war. This is a sham judgment with absolutely no legitimacy.
My thoughts are with the families. We continue to do everything we can to support them.
"Мен бұл үкіммен келіспеймін. Олар әскери тұтқындар екенін ұмытпаңыздар. Бұл - ешқандай заңдылығы жоқ жалған үкім", - дейді Трасс.
Украина қарулы күштерінің бас штабы (УҚК) барлық шетелдіктер келісімшарт бойынша УҚК қатарында соғысып жатқанын жеткізді.
Еуркомиссия Украинаға ЕО үміткерінің мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды
"Еуропалық комиссия бұл мәселе бойынша 13 маусымда пікірталас өткізеді, нақты шешім 17 маусымда Еурокомиссия алқасының отырысында қабылданады", - деп хабарлады ЕК-нің ресми өкілі Эрик Мамер.
Еуропада 5 миллионға жуық украиналық босқын тіркелді
БҰҰ Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін 4 816 923 украиналық Еуропаның 44 елінде босқын ретінде тіркелгенін мәлімдеді.
БҰҰ мәліметінше, босқындардың 90 пайызы - әйелдер мен балалар, ал 18-60 жас аралығындағы ер адамдар елден кетуге тыйым салынғандықтан, сыртқа шыға алмайды. БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының есептеуі бойынша, Украинада 8 миллионнан астам адам ел ішінде тұрғылықты мекенжайын ауыстырған.
©REUTERS
Румынияға 600 мың тоннадан аса Украина астығы жіберілді
Украина Ресеймен соғыс басталғаннан кейін Румынияның Констанца портына 601 115 тонна астық жіберді. Порт тағы 120 294 тонна астық жолда екенін айтты.
©REUTERS
Констанцадан әлемдік нарыққа 15 кемемен 262 000 тоннадан астам жүк жөнелтілді. Украинаның порттары соғыс басталғаннан бері бұғатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!