10 маусым 2022 12:39

Мариупольде зейнетақыны рубльмен бере бастады. Украинадағы жағдайға шолу

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мариуполь. Фото ©REUTERS Мариуполь. Фото ©REUTERS

Еуропада 5 миллионға жуық украиналық босқындар тіркелді. Украина келесі аптада ЕО үміткерінің мәртебесін алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.


Еуропада 5 миллионға жуық украиналық босқындар тіркелді. Украина келесі аптада ЕО үміткерінің мәртебесін алуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі екі ел арасында болып жатқан кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.

Зеленский Путинге қарсы санкциялар енгізді

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің Ресей президенті Владимир Путинге және Ресейдің тағы 34 мемлекет қайраткеріне, оның ішінде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге, Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровқа, Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевке қарсы жеке санкциялар енгізу туралы шешімін мақұлдады.

Сонымен қатар, Зеленский Ресейдің 236 университеті мен 261 университет басшысына санкциялар енгізді. Шектеулердің қатарына мәдени алмасуды, ғылыми ынтымақтастықты, білім беру және спорттық байланыстарды тоқтату жатады. 

Мариупольде зейнетақыны рубльмен бере бастады

Ресей басып алған Мариуполь қаласының оккупациялық билігі жергілікті тұрғындарға зейнетақыны рубльмен бере бастады.

Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі Петр Андрющенко мәлімдеді.

"Ресей билігі Мариупольде зейнетақыны рубльмен бере бастады. Олардың жүйесінде 47 мыңға жуық зейнеткер тіркелген", - деді Андрющенко.

Украина мемлекеттік сатқындыққа барғандарды азаматтықтан айырады

"Слуга народа" партиясының мүшесі, Жоғарғы Рада депутаты Сергей Кузьминых мемлекеттік сатқындық үшін азаматтығынан айыру туралы заң жобасын ұсынды. Украина қылмыстық кодексінің 111-бабына түзетулер енгізу ұсынылды. Қазіргі уақытта заң жобасының мәтіні жоқ.

Наурызда Украина президенті Владимир Зеленский соғыс уақытында мемлекеттік сатқындық пен тонау үшін жазаны қатаңдату туралы заңға қол қойған еді.

©REUTERS

ДХР соты шетелдік содырларды өлім жазасына кесті

ДХР Жоғарғы соты Ұлыбритания азаматтары Шон Пиннер мен Эйден Аслинді және мароккалық Саадун Брагимді Украинаның жендеттері деп таныды. 

©REUTERS

Украина СІМ спикері Олег Николенко Украина қарулы күштері құрамында соғысып жатқан барлық шетелдіктер Украинаның әскери қызметшілері екенін және оларды босату үшін мемлекет бар күшін салатынын мәлімдеді.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс бұл үкімді заңсыз деп атады.

"Мен бұл үкіммен келіспеймін. Олар әскери тұтқындар екенін ұмытпаңыздар. Бұл -  ешқандай заңдылығы жоқ жалған үкім", - дейді Трасс. 

Украина қарулы күштерінің бас штабы (УҚК) барлық шетелдіктер келісімшарт бойынша УҚК қатарында соғысып жатқанын жеткізді. 

Еуркомиссия Украинаға ЕО үміткерінің мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды

"Еуропалық комиссия бұл мәселе бойынша 13 маусымда пікірталас өткізеді, нақты шешім 17 маусымда Еурокомиссия алқасының отырысында қабылданады", - деп хабарлады ЕК-нің ресми өкілі Эрик Мамер.

Еуропада 5 миллионға жуық украиналық босқын тіркелді

БҰҰ Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін 4 816 923 украиналық Еуропаның 44 елінде босқын ретінде тіркелгенін мәлімдеді.

БҰҰ мәліметінше, босқындардың 90 пайызы - әйелдер мен балалар, ал 18-60 жас аралығындағы ер адамдар елден кетуге тыйым салынғандықтан, сыртқа шыға алмайды. БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының есептеуі бойынша, Украинада 8 миллионнан астам адам ел ішінде тұрғылықты мекенжайын ауыстырған.

©REUTERS

Румынияға 600 мың тоннадан аса Украина астығы жіберілді

Украина Ресеймен соғыс басталғаннан кейін Румынияның Констанца портына 601 115 тонна астық жіберді. Порт тағы 120 294 тонна астық жолда екенін айтты.

©REUTERS

Констанцадан әлемдік нарыққа 15 кемемен 262 000 тоннадан астам жүк жөнелтілді. Украинаның порттары соғыс басталғаннан бері бұғатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети