Mars зауытында шоколад ерітетін құмыраға екі адам құлап, зардап шекті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mars зауытында шоколад ерітетін құмыраға екі адам құлап, зардап шекті Фото: Reuters

Пенсильваниядағы Mars M&M кондитерлік фабрикасында шоколад ерітетін цистернаға екі адам құлап, зардап шекті, - деп хабарлайды CNN арнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пенсильваниядағы Mars M&M кондитерлік фабрикасында шоколад ерітетін цистернаға екі адам құлап, зардап шекті, - деп хабарлайды CNN арнасы.

911 өкілі Ник Шоенбергердің айтуынша, құтқарушылар зардап шеккендерді құтқару үшін резервуардың бүйірінен тесік жасауға мәжбүр болған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Ланкастер округінің төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкері Брэд Вулф адамдардың шоколад құмырасына қалай түскені, зардап шеккендердің алған жарақаттарының ауырлығы әзірге белгісіз екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети