Марста NASA тікұшағы қиындыққа тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марста NASA тікұшағы қиындыққа тап болды Фото: mars.nasa.gov

Іngenuity тікұшағы қызыл планетада аздаған қиындыққа тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іngenuity тікұшағы қызыл планетада аздаған қиындыққа тап болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) сайтына сілтеме жасап.

NASA мамандары тікұшақтың команда бойынша 10 метр биіктікке көтерілгенін және оңтүстік-батыс бағытта секундына 4 метр жылдамдықпен 150 метрге дейін ұшқанын айтты. Әрі қарай Ingenuity жерді суретке түсіру үшін оңтүстікке қарай тағы 15 метр, кейін солтүстік-шығысқа қарай тағы 50 метрге ұшып, қонуы керек болған.

Телеметрия Ingenuity алғашқы 150 метр учаскені еш кедергісіз ұшып өткенін көрсеткен. Бірақ кейін оның жылдамдығында ақау пайда болған. Бұл ұшу соңына дейін жалғасқан. Тікұшақ жылдамдығы бірде көбейіп, бірде азайып ұшу кезінде қиындық туған.

Сурет: NASA

NASA тікұшақ бағдарламасында шамамен 54-ші секундта ақау шыққанын анықтады, ол камерадағы уақыт пен навигация жүйесіне теріс әсер еткен.

Соған қарамастан, Ingenuity-дің Марстағы алтыншы рет ұшу әрекеті сәтті деп саналады. Мамандар ақаулар туралы барлық деректі мұқият талдайтындарын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети