32 жастағы тұрғын мас күйінде екі айлық қызын емізген, соның салдарынан қыз бала этил спиртінен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
32 жастағы тұрғын мас күйінде екі айлық қызын емізген, соның салдарынан қыз бала этил спиртінен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Ресейдің Ямало-Ненецкий автономиялық округінде болған. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. РФ Тергецу комитетінің жергілікті тергеу басқармасындағылар оқиғаның қазан айының ортасында Ямал ауданының бір ауылында болғанын айтады.
"Қыз бала этил спиртінен уланып, бірден қайтыс болған", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қылмыстық іс абайсыздықта адам өлтіру бабы бойынша қозғалған. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, олар баланың неден қайтыс болғанын анықтады. Сондай-ақ медициналық көмек көрсеткен мамандардан жауап алынды.