02 ақпан 2021 09:00

Mash басшысының орынбасары "Путин сарайы" туралы репортаждан кейін басылымнан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mash видоесынан скрин Mash видоесынан скрин

Mash бас редакторының орынбасары Сергей Титов жақында Геленджик маңындағы "Путин сарайы" туралы сюжет жарияланғаннан соң және өзін Идокопас мүйісіндегі жобаның бенефициары деп атаған, апарт-қонақүй салып жатқанын айтқан Аркадий Ротенбергпен сұхбаттан кейін басылымнан кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Mash бас редакторының орынбасары Сергей Титов жақында Геленджик маңындағы "Путин сарайы" туралы сюжет жарияланғаннан соң және өзін Идокопас мүйісіндегі жобаның бенефициары деп атаған, апарт-қонақүй салып жатқанын айтқан Аркадий Ротенбергпен сұхбаттан кейін басылымнан кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Титовтың айтуынша, ол Mash-қа 2018 жылдың соңында келген және енді "бұл керемет оқиғаның бәрі күрт аяқталды".

"Мен Mash-тың беделі туралы бәрін түсінемін, ұят нәрселер туралы түсінемін, бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Голунов үшін жазылдық, Беларусьтегі адамдарға жақсы қолдау көрсеттік. Осы қауіпті аймақта тұрып, өтірік жазбау мүмкіндігі үшін қатты күрестік. Бірақ олар басқаша шешім шығарды. Видооларды өзіңіз көрдіңіз. Талантты адамдардың жұмысы, менің мыңдаған ұйқысыз түнім, шетелдік оқиғаларды пысықтау, біздің барлық уайымымызды костюмдегі адамдардың шешімі жоққа шығарды...", - деп жазды ол өзінің Телеграм-каналында.

Журналист Mash құрамына кіретін холдингке зор сүйіспеншілікпен және бас редактор Максим Иксановқа құрметпен қарайтынын атап өтті. Бірақ, Титовтың айтуынша, мұның бәрін олар шешкен жоқ, КСРО-дағы сияқты жоғарыдан біреу шешті.

"РТ, ВГТРК-да немесе Первый каналда ешқашан жұмыс істемейтін едім. Бірақ бізден ешкім сұрамады, олар бізді жай ғана алып, соған айналдырды. Сондықтан сүйікті жұмысымнан бас тартуға тура келді. Мен демаламын, ғибадатханаларға барамын және бұдан да өршіл нәрсені іздеймін", - деді Титов.

29 қаңтарда Mash Жемқорлықпен күрес қорының "Путинге арналған сарай" фильмі шыққаннан кейін БАҚ ішінде алғаш болып резиденцияда түсірілген репортаж шығарды. Видеода бас редактор Максим Иксанов сарайды аралап, оның құрылысы әлі бастапқы кезеңде екенін көрсетті.

30 қаңтарда Mash-та Иксановтың Аркадий Ротенбергпен сұхбаты жарияланды, онда кәсіпкер резиденция оған тиесілі екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети