Мәскеу орталығында полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу орталығында полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған видеодан үзінді

Мәскеу орталығында полицейлерге шабуыл жасаған ер адамның кім екені анықталды, ол Кабардино-Балкария тумасы 31 жастағы ер адам болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. Көшедегі бейнебақылау камералары оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Бірнеше сағат бұрын Мәскеу орталығында Сивцев Вражек қиылысында ер адам полицейлерге оқ атқан. Атыс салдарынан құқық қорғау органдарының бір қызметкері зардап шекті, шабуылшы да жарақат алды және қаруы тәркіленді. 

"Ол КБР тумасы, 1987 жылғы", - деді агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз. 

Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, оған ота жасалуда. Зардап шеккен полицейдің аяғына оқ тиген, оның денсаулығына еш қауіп қатер жоқ. 

Тергеушілер осы дерекке қатысты қылмыстық іс бастады. 

Айта кетейік, осыған дейін Шешенстанда бірнеше рет полицейлерге шабуыл жасалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети