Мәскеу орталығында РФ Қорғаныс министрлігінің ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеу орталығында РФ Қорғаныс министрлігінің ғимараты өртеніп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеу орталығындағы Қорғаныс министрлігінің ғимаратынан 50-ге жуық адам эвакуацияланды, агенттікке хабарлаған дереккөзінің мәліметінше, өрттің өршіп кету қаупі бар. Өрт шыққаннан кейін Мәскеу орталығында орналасқан ғимараттан адамдар эвакуацияланды, ол жерде Қорғаныс Министрлігінің тұрғын үй департаменті бар.
"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сегіз қабатты ғимараттың үшінші қабатынан шыққан: Знаменка көшесі, 19. (..) Ғимараттан 40 адам өз бетінше шықты, ал бесеуі құтқарылды", - деді хабарлаушы агенттіктегілерге.
Оның айтуынша, өрттің өршіп кетуі әбден мүмкін. Мәскеу уақыты бойынша, сағат 11.10-да өрт күрделілігінің дәрежесі екіден үшке дейін артты.
Агенттікке хабар берген адамның айтуынша, өртті сөндіруге жұмылдырылғандардың саны 40-қа артты, оқиға орнында барлығы 120 адам жұмыс істеп жатыр.