Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағаны туралы хабарлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағаны туралы хабарлады Фото t.me/vchkogpu

Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин 24 шілдеде таңғы сағат 4:00 шамасында "ұшқышсыз ұшақтардың екі ғимаратқа шабуылы" тіркелгенін айтты. Мэрдің айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Украинаны айыптап, "Мәскеу қаласындағы нысандарға екі ұшқышсыз ұшақтың лаңкестік шабуыл жасау әрекеті" туралы хабарлады.

Айта кетейік, бірқатар БАҚ пен Telegram-арналарында оқиға орнынан фотолар мен видеолар жариялады. Олардағы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңындағы нысандар зақымданған. Мәскеу орталығынан Комсомольский даңғылы бойындағы көлік қозғалысы жабылған.

Еске салайық, бұған дейін Украинада Одессаға зымыран шабуылынан кейін бір адам қаза тауып, 22-сі жараланған. Қаладағы ең үлкен православ шіркеуі - Спасо-Преображенский соборы айтарлықтай зақымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети