Мәскеуде 22-қабаттан құлаған оқушы аман қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 22-қабаттан құлаған оқушы аман қалды Фото: РИА Новости.

Мәскеуде 22-қабаттың терезесінен құлаған оқушы қыз ауыр жарақат алмаған. Оқиға достарымен өткізген кеш кезінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 22-қабаттың терезесінен құлаған оқушы қыз ауыр жарақат алмаған. Оқиға достарымен өткізген кеш кезінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәскеудегі Бирюлево Восточное ауданындағы көпқабатты үйдің 22-қабатының балконынан құлаған сегізінші сынып оқушысы тірі қалды. Қазіргі таңда ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың қалай құлағанын анықтап жатыр.

Төтенше жағдай 29 қаңтарда Мәскеудегі Загорьевская көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы бір балконнан екінші балконға өтпек болған. Оған құрбысы көмектескен. Құрбысы оның қолынан ұстап тұрған. Бірақ әлі жетпей, оқушы төмен құлап кетті.

22-ші қабаттан құлағанына қарамастан, жасөспірім қыз ауыр жарақат алған жоқ. Қазір Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Оқушыны бұған не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз ішімдік ішкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети