01 наурыз 2016 | 22:35

Мәскеуде 4 жасар қыздың басын кесіп алған әйелден жауап алыну сәті түсірілген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lifenews.ru © lifenews.ru

LifeNews порталы Мәскеуде төрт жасар қызды өлтірді делінген өзбек әйелі Гүлчахер Бобокуловадан жауап алынып жатқанда түсірілген видеоны жария етті. Басылым тілшілері кімнің жауап алып жатқанын және түсірілімнің қайда болғанын нақтыламайды. Сонымен қатар, видеоны редакцияға "азаматтық журналистің" жолдағаны хабарланып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

LifeNews порталы Мәскеуде төрт жасар қызды өлтірді делінген өзбек әйелі Гүлчахер Бобокуловадан жауап алынып жатқанда түсірілген видеоны жария етті. Басылым тілшілері кімнің жауап алып жатқанын және түсірілімнің қайда болғанын нақтыламайды. Сонымен қатар, видеоны редакцияға "азаматтық журналистің" жолдағаны хабарланып отыр.

Жауап алыну сәтінде әйел өз кінәсін толықтай мойындайды және бұл әрекетке не себепті барғанын түсіндірмек болады. Ол бірінші күйеуімен ажырасқаннан кейін туыстарының оның үш баласын тартып алғанын айтады. Оның айтуынша, Мәскеуге ол үш жыл бұрын келген, сөйтіп, бала күтуші болып жұмыс істеген. Қаза болған қыздың отбасын Бобокуловаға туыстары ұсыныпты. Настяның ата-анасына Гүлчехра ұнап қалып, сондықтан олар баласын екі жылдай бақтырыпты. 

Әйел бірінші күйеуімен 12 жыл бірге тұрыпты. Таяуда олар Өзбекстанда ажырасыпты. Осыдан кейін Бобокулованың туыстары одан үш баласын тартып алған. Әйелдің айтуынша, бір баласы Гүлчахердің әкесімен бірге тұрып жатыр да, екіншісі бірінші күйеуімен бірге, ал үшіншісін, Бобокулованың айтуынша, бұрынғы күйеуі "қарындасына сыйлай салған". Ал Гүчехраны далаға қуып шыққан.  

Бір жыл бұрын Бобокулова Мәскеуде екінші күйеуімен танысады. Ол да Өзбекстанның тумасы екен. Айтуынша, екеуі аптасына екі-ақ рет кездесіп жүрген. Гүлчехра күйеуінің жанұясы бар екенін білген, бірақ екінші, яғни заңсыз әйелі болуға келісім берген. Ал төрт ай бұрын ер адам отанына кетіп қалып, Бобокулова оны сол бетте көрмепті. 

Осыған дейін журналистер Бобокулованың өмірі жайлы деректерді тапқан болатын. Мәселен, әйелдің жанұясы тұратын ауылдағы полицей оның 15 жыл бойы "шизофрения" дигнозымен психологиялық-неврологиялық диспансерде тұрғанын айтып берді. Айтуынша, Гүлчехраның ата-анасы көктем сайын науқас қызын ауруханаға жатқызып жүрген, себебі оның ауруы осы мезгілде жыл сайын үдеп, қозады екен. Ал одан кейін онымен бірге тұру қауіпті болған, осы себептен де күйеуі онымен ажырасып кетті делінеді. 

Еске салайық 29 ақпанда 38 жастағы өзбек әйел Гүлчехра Бобокулова "Октябрьское поле" метро станциясының алдында ұсталған еді, әйелдің қолында қыздың кесілген басы болған, әйел өзін жарып жіберетінін айтқан. Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан. Ол ұсталған. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети