Мәскеуде 4 жастағы қызды өлтірген бала күтуші өз кінәсін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 4 жастағы қызды өлтірген бала күтуші өз кінәсін мойындады © Lenta.ru

Мәскеуде бала күтуші болып істеп жүріп, 4 жастағы қызды өлтірген Өзбекстан азаматы Гюльчехра Бобокулова сотта кінәсін мойындады. Бұл туралы дүйсенбіде басталған істің мәні бойынша сот отырысы кезінде айыпталушының аудармашысы Фарида Ханифова мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

"Ол кінәсін мойындайды және тағылған айыппен келіседі", - деді ол.

Сот ашық түрде жалғасады, тек зардап шегушілерден сұрау алу ғана жабық түрде өтпек.

Тергеу мәліметі бойынша, 29 ақпанда кембағал баланың күтушісі болып істеген Өзбекстан азаматы қыздың ата-анасы үйден кеткеннен кейін қызды өлтіріп, пәтерді өртеп, оқиға орнынан кетіп қалады. Сол күні полиция оны "Октябрьское поле" метро станциясы жанынан өзі өлтірген баланың кесілген басымен жүрген кезде ұстаған. Оған РФ ҚК-нің "Кәмелетке толмағанды өлтіру" және "Өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру немесе жою" айыптары тағылды.

Кешенді психолого-психиатриялық сараптама қорытындысы айыпталушының созылмалы психикалық ауытқушылығы барын анықтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети