Мәскеуде 50 мыңға жуық адам митингіге қатысты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде 50 мыңға жуық адам митингіге қатысты REUTERS/Maxim Shemetov

Мәскеу орталығында 50 мыңға жуық адам бейбіт митингіге шықты, олар қалалық думадан әділетті сайлау өткізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеу орталығында 50 мыңға жуық адам бейбіт митингіге шықты, олар қалалық думадан әділетті сайлау өткізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Белый счетчиктің" мәліметі бойынша (механикалық есептегіш көмегімен акция қатысушыларының санын анықтау тәсілі), Мәскеуде рұқсат берілген митингіге 48 мың 800 адам жиналған.


Мәскеуде Сахаров даңғылындағы митингіге қатысушылар. Сурет: REUTERS/Maxim Shemetov

Митинг Нұр-Сұлтан уақытымен 10 тамызда 18.00-де басталды. Бұған дейін көптеген әртіс, жазушы, блогерлер келісілген митингіге шығуға шақырған. Олардың арасында репер Oxxxymiron, журналист Владимир Познер және басқалары бар.


Леонид Парфенов. Сурет: REUTERS/Maxim Shemetov

Митингіде журналист Юрий Дудь және Леонид Парфенов, репер Face және "Кровосток" тобының мүшесі Шило, сондай-ақ, әзілқой Данила Поперечный көзге түсті. Бас қаланың билігі 10 және 11 тамызда академик Сахаров даңғылында екі митинг өткізуге келісім берген. Оған қатысуға 100 мың адамға дейін рұқсат етілді.


Мәскеудің Сахаров даңғылындағы митингіге қатысушылар. Сурет: REUTERS/Maxim Shemetov

Мәскеуде наразылық акциясы 14 шілдеден бастап өтіп жатыр. Халық тәуелсіз кандидаттардың қалалық думаға жіберілуін талап етеді. Ең ірі рұқсат етілмеген митингі 27 шілде мен 3 тамызда болды, олардың әрқайсысында мыңнан аса адам ұсталды.


Мәскеуде өткен митингіде репер Face өнер көрсетеді. Сурет: REUTERS/Maxim Shemetov

"Мен елімді жақсы көремін, мен әрқайсыңызды жақсы көремін. Біз барлығымыз бұл жерде өмір сүріп, өз құқығы үшін күресіп жүрген үлкен отбасымыз. Рақмет саған, Мәскеу! Рұқсат!" - деп аяқтады сөзін репер Face.

Телеграмдағы "ОВД-Инфо" арнасының мәліметтері бойынша, Ресейдің үш қаласында өткен наразылық акциясында 66 адам ұсталды. Жобаның мәліметтерінше, Мәскеуде 8 адам, Петербургте 51 адам ұсталды. Тағы жетеуі Ростов-на-Донуда қамалды.


Сурет: REUTERS/Maxim Shemetov

Мәскеу қалалық Думаға сайлау 8 қыркүйекте бірыңғай дауыс беру күні өтеді. Арнайы комиссия сайлауға 233 адамды өткізді, 57 қатысушыға рұқсат берілмеді. Сонымен қатар, Мәскеу қалалық сайлау комитеті қолдарды тексеру кезінде көптеген заң бұзушылықты анықтаған, мысалы, тіркелмеген 22 үміткердің тізімінде 339 қайтыс болған адам, ал 29-ында 14 мыңнан астам жалған сайлаушы табылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети