21 қаңтар 2020 | 12:12

Мәскеуде Әблязовтің соты 31 қаңтарда басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеудің Таган сотында 31 қаңтарда қазақстандық "БТА Банк" директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов бақылауындағы ұйымнан 58 миллиардтан аса рубль жымқыру ісі бойынша сот тыңдауы басталады, - деп хабарлайды РАПСИ.


Иконка комментария блок соц сети

Мәскеудің Таган сотында 31 қаңтарда қазақстандық "БТА Банк" директорлар кеңесінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов бақылауындағы ұйымнан 58 миллиардтан аса рубль жымқыру ісі бойынша сот тыңдауы басталады, - деп хабарлайды РАПСИ.

Сот жұмада кәсіпкердің қорғаушысының келмеуіне байланысты қылмыстық істі қарай алмады.

Іс бойынша сол банктің бұрынғы басқарма төрағасы Роман Солодченко, сондай-ақ банктің басқа бұрынғы қызметкерлері: Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенко күдікті ретінде өтіп жатыр. 

Қылмыстық істің фигуранттары Еуропада жүр және оларды алуға тек Ресей ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Украина да үміткер. Мәскеу соты істі сырттай қарайды.

Тергеушілер Әблязов "Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, қазақстандық банктің аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жүйелі түрде ұрлауға мүмкіндік беретін, ауқымды инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бірнеше күрделі және шатастырылған схемаларын әзірледі" деп есептейді.

Сот ісі 400-ге жуық томнан тұрады. Әблязов аса ірі мөлшердегі алаяқтықтың тоғыз эпизоды бойынша айыпталады. Үшеуі қылмыстық жолмен келген мүлікті заңдастыру, қылмыс жасау, өкілеттіктерді теріс пайдалану және ұйымдасқан топтың алдау жолымен аса ірі залал келтіру нәтижесінде алынған мүлікті жария етудің үш эпизоды бойынша айыпталуда. Ұйымдасқан қылмыстық топтың алдау жолымен өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі залал келтіру.

Айта кетейік, Қазақстанда Әблязов "БТА Банкінен" шамамен 7 миллиард доллар ұрлағаны үшін 20 жылға, ал былтыр - банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына сырттай сотталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети