Мәскеуде белгілі шахматшылар пәтерде өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде белгілі шахматшылар пәтерде өлі табылды © Mash

5 наурызда кешке Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора өлі табылды, - деп хабарлайды "Федеральное агентство новостей".

ПОДЕЛИТЬСЯ

5 наурызда кешке Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора өлі табылды, - деп хабарлайды "Федеральное агентство новостей".

Мәйіт жанында азот тотығы бар шарлар жатқан: алдын ала болжам бойынша, спортшылар көңіл көтеретін газдан уланған. Зорлық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.


Александра Вернигора және Станислав Богданович. © kp.ua

27 жастағы Богданович гроссмейстер, Одесса және Украина чемпионы болған. Онымен бірге қаза тапқан 18 жастағы Вернигора ММУ-де оқыған, ол әлемдік шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде 1861-орында тұр, қыз Украинаның намысын қорғаған.

Бірнеше күн бұрын Станислав Богданович Ресей атынан Украинаға қарсы интернет-матчте ойнаған. Осылайша, оның айтуынша, ол елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектескісі келген. Алайда бұл әрекетіне украиналық әлеуметтік желі қолданушылары наразылық білдірді. 

Спортшы сын астында ғана қалып қоймай, сонымен қатар, Ресейдің насихат акциясына қатысушы ретінде "Миротворец" сайтының базасына енді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети