Мәскеуде даяшы есеп айырыспаған қонақты тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде даяшы есеп айырыспаған қонақты тонап кетті © L!fe

Жас жігіт кафеден бірнеше квартал жерден әйел адамды қуып жетіп, мойыналқасын жұлып алған,  - деп хабарлайды L!fe.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жас жігіт кафеден бірнеше квартал жерден әйел адамды қуып жетіп, мойыналқасын жұлып алған,  - деп хабарлайды L!fe.

"То да Сё" даяшысы өзі қызмет көрсеткен қонағын кафеден бірнеше квартал жерден қуып жетіп, мойнындағы алтын алқасын жұлып алған. Даяшы алтын алқа төленбеген есептің орнына жұмсалатындығын айтқан. Оны әріптестері қорғаштап отыр, себебі қарақшылық шабуыл жасаған жігіт сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқиға Мәскеу орталығында орналасқан "То да Сё" кафесінде болған. 40 жастағы Юлия Самарина кешкі ас ішкеннен кейін есеп айырыспай кетіп қалған.

"Триумф алаңына жеткен кезде 23 жастағы даяшы жігіт әйел адамнан есепшотты төлеуді сұраған. Әйел қарсы болған. Ол сол кезде алтын алқасын жұлып алып, кафе менеджеріне берген", - деді құқық қорғау қызметіндегі дереккөз. Жәбірленуші сол мезетте полицияға хабарласып қарақшылық шабуыл жасалғандығын мәлімдеген.

Белгілі болғандай, даяшы алқаны кепіл ретінде сақтауға берген. Кафе қызметкерлері әйелге есепшотты төлеген жағдайда (шамамен 2 мың рубль) алқаны қайтарып беретінін айтқан. Кафе қонағы құқық қорғау органдарына метродан өз құрбысын күтіп алып, есепшотты сосын төлейтіндігін айтқан. Егер есепшот төленбеген жағдайда даяшының айлығынан ұстап қалар еді, ал оның айлығы 25 мың рубльге де жетпейді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети