Мәскеуде ДАИШ (Қазақстанды тыйым салынған ұйым) террорлық ұйымының мүшелері деген күдікпен екі адам ұсталды. Олар салынып жатқан тұрғын үй кешенінде күзетші болып жұмыс істеп, сонда тұрып жатқан, - деп хабарлайды РИА Новости құзырлы органдағы дереккөзге сілтеме жасап.
"Ұсталғандар Смольный көшесіндегі салынып жатқан "Фестиваль-парк" тұрғын үй кешенінде тұрып жатқан әрі сол жерде тіркеуде болған. Екеуі де күзетші болып қызмет атқарған", - деді агенттікпен сұхбаттасушы.
Арнайы операция кезінде осы екі адамнан басқа ұсталғандар бар ма деген сұраққа, дереккөз жауап бере алмады. Тергеу құпиялығына қатысты ұсталғандардың кім екендері, аты-жөндері айтылмаған.
Солтүстік Кавказ тумалары "бүкіләлемдік ислам халифатын" құру мақсатында зорлық-зомбылыққа баруға дайындалған.
Лаңкестер қыркүйекте адамдар көп шоғырланған жерлерде лаңкестік жасамақшы болған.
Олардан қолдан жасалған жарылғыш заттар, ПМ-9мм маркалы екі тапанша, РГД-5 гранаталары тәркіленген.