29 сәуір 2016 | 13:01

Мәскеуде екі әйел көздеріне шөп салған студентті айуандықпен зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Life.ru © Life.ru

Мәскеу полицейлері жас жігітті айуандықпен зорлап, пышақпен жарақаттады деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олар полицейлерге берген түсінігінде мұндай қадамға жігіттің екеуін бірдей алдап жүргенін білгеннен кейін барғанын айтқан, - деп хабарлайды Life.


Иконка комментария блок соц сети

Мәскеу полицейлері жас жігітті айуандықпен зорлап, пышақпен жарақаттады деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олар полицейлерге берген түсінігінде мұндай қадамға жігіттің екеуін бірдей алдап жүргенін білгеннен кейін барғанын айтқан, - деп хабарлайды Life.

Басылымның мәліметінше, студент жігіт өзінің 35 жастағы сүйіктісінің үйіне қонаққа барады. Бұл үйде оны тағы бір сүйіктісі күтіп отырады. Екі әйелдің жігіттен кек алу мақсатында алдын ала жоспар құрғаны белгілі болды.

"Жәбірленушіні олар фаллоимитатормен зорлап, пышақ арқылы жеңіл жарақаттар салған. Осыдан кейін студентті далаға тыр жалаңаш қуып шығып, киімдерін балконнан лақтырып жіберген", - делінген басылымда.

Көшеде жатқан жігітті өткінші адамдар тауып алып, жедел жәрдем қызметін шақырған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Осы дерек бойынша құқық қорғау органдары "Сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети