Мәскеуде ішімдікке мас ер адам тікелей эфир кезінде НТВ тілшісі Никита Развозжаевтың жағынан салып қалды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Оқиға қаладағы Горький саябағындағы субұрқақ маңында болған, ол жерде десантшылар меркелерін атап өтіп жатқан. Оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар
Журналист мереке туралы репортаж жүргізіп жатқан, осы кезде оған мас адам келіп, боқтаған. НТВ қызметкері оның үндемей тұра тұруын сұраған. Осы кезде ол журналистің бетінен жұдырықпен ұрған.
Жанжал кезінде репортаж тоқтатылды. Студиядағы жүргізуші қиындықтар туындағанын айтып, Развозжаевтың аман екеніне үміт білдірді.