Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Мәскеуде Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылады

11 Тамыз 2015, 17:05
0
© АР
© АР

Мәскеуде Құрбан айт қарсаңында Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылады, - деп хабарлайды Рravda.ru.

Порталдың мәліметінше, мешіт 23 қыркүйекте ашылады. Салтанатты шараға Ресей президенті Владимир Путин мен халықаралық дәрежедегі ислам діни көшбасшылары қатысады.

"Мешіттің ашылуына ислам негізгі және басым дін болып табылатын елдердің саяси жетекшілері қатысуы мүмкін. Ресейге Сауд Арабиясының королі, Катардың, Кувейттің, Түркияның, Палестинаның, Иорданияның басшылары мен Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран және өзге де елдердің президенттері шақыртылды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Собор мешітінің ашылуы Ресейдегі мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл әлемдегі ислам дінін ұстанушылар үшін атаулы шара болмақ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай