4 маусымға қараған түні Ресейдің Тверь облысындағы Редкино ауылының маңында орналасқан "50 лет Октября" саяжай кооперативінде қанды қырғын болды - Мәскеудің 45 жастағы тұрғыны Сергей Егоров жанжал кезінде тоғыз адамды атып өлтірді. Қаза тапқандардың үшеуі әйелдер, алтауы ер адамдар. Бұл туралы "Россия-24" телеарнасы хабарлады.
4 маусымға қараған түні Ресейдің Тверь облысындағы Редкино ауылының маңында орналасқан "50 лет Октября" саяжай кооперативінде қанды қырғын болды - Мәскеудің 45 жастағы тұрғыны Сергей Егоров жанжал кезінде тоғыз адамды атып өлтірді. Қаза тапқандардың үшеуі әйелдер, алтауы ер адамдар. Бұл туралы "Россия-24" телеарнасы хабарлады.
Құрбан болғандардың жасы 20-40 аралығында. Олардың барлығы өзара таныс болған, алайда қаскөй олармен достық қарым-қатынаста болған.
"Комсомольская правда" басылымының мәліметінше, қанды оқиға алдында саяжайда отырыс болған, кейін дастархан басындағылар әскердегі қызмет жайлы айтып, дауласа кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, Егоров ӘДӘ-де қызмет еткенін, басымен кірпіш жарғанын және парашютпен секіргенін айтқан. Алайда отырыстағылар оған сенбей, десантшыға ұқсамайтынын айтып, мазақ қыла бастаған. Көршілері оның тек 90 жастағы шешесімен бірге өмір сүретінін және оны демалыс күндері Мәскеуден саяжайға апарып тұратынын білген.
"Сен тіпті қызмет етпегенсің ғой!" деген сөзден кейін мәскеулік ашуға булығып, кетіп қалған. Бірақ бірнеше минуттан кейін карабин алып келген. "Қазір қалай ата алатынымды көрсетемін" деп, ол дастархандастарын ата бастаған.
Ол оқиға орнында сегіз адамды атып өлтірген. Тағы біреуіне Егоров қолмен мола қаздырған. "Алдын ала мәлімет бойынша, оның құрбандарының бірін қолмен жер қаздырғаны белгілі. Ер адам қаза бастаған, алайда оны да атып тастаған", - деп хабарлады РИА Новости агенттігіне ІІМ-нің өңірлік ресми өкілі Вадим Левшин.
Дастарханда болған қыздардың бірі тірі қалыпты. Ол үйдің екінші қабатында көрпе астында жасырынып, сол жақтан полиция шақыртыпты. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол мас болған және жасырынбақ ойы болмаған.
РЕН ТВ арнасы қайғылы оқиға болған үй түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан қаза тапқандардың мәйіттерін көруге болады. Бөлме қанға бөккен. Тағы бір мәйіт қаскөйдің көлігінен табылған. Видеодан қаскөйдің өзін де көруге болады.