Мәскеуде коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша антирекорд орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде коронавирустан қайтыс болған адам саны бойынша антирекорд орнатылды © REUTERS

Мәскеуде COVID-19-дан бір тәулікте 37 науқас қайтыс болды. Бұл туралы коронавирусқа байланысты жағдайды бақылау және мониторинг жасау жедел штабы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде COVID-19-дан бір тәулікте 37 науқас қайтыс болды. Бұл туралы коронавирусқа байланысты жағдайды бақылау және мониторинг жасау жедел штабы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ресей астанасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 325-ке жетті.

"Мәскеуде "пневмония" диагнозы расталған және коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен 37 науқас көз жұмды", - делінген хабарламада. 

Қайтыс болғандар - 37-86 жас аралығындағы науқастар. Оның көбінде қосалқы аурулары болған. 

37 жастағы науқастың "екі жақты полисегментарлы пневмония" диагнозы анықталған. Сондай-ақ науқаста гипертония болған. Тағы бір науқаста Даун синдромы болған. 

Оның алдындағы тәулікте 27 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети