Мәскеуде өрттен зардап шеккен әнші Марина Хлебникова ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде өрттен зардап шеккен әнші Марина Хлебникова ауыр халде ауруханаға жеткізілді Марина Хлебникова Сурет: @marina_hlebnikova_official

Әнші Марина Хлебникова Мәскеуде өрттен зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Марина Хлебникова Мәскеуде өрттен зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігі мәліметінше, Мәскеудегі Ратная көшесіндегі үйдің төртінші қабатында 10 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

"Пәтерден бес адам құтқарылды, оның екеуі дәрігерлерге тексеруге жіберілді. Сағат 22.51-де өрт сөндірілді", - деді төтенше жағдайлар қызметі өкілдері.

Сурет: ©РЕН ТВ

Mash-арнасы мәліметінше, құтқарушыларды әншінің қызы Доминика шақырған. Ол пәтерде анасымен болған. Куәгерлердің айтуынша, алдымен зембілмен ер адамды, содан кейін Марина Хлебникованы алып шыққан. Ол ес-түссіз болғаны, киімін күйік шалғаны айтылады.

Өрт сөндірушілер дереу дәрігерлерді шақырған, бірақ әншіге көмекті көшеде көрсетуге мәжбүр болған, өйткені жедел жәрдем көлігінде ер адам болған.

360 телеарнасы мәліметінше, Хлебникова Н.В. Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтына жатқызылған. Дәрігерлер Хлебникованың жағдайын "ауыр, бірақ тұрақты" деп бағалап отыр.

РИА Новости ақпарат агенттігіне сұхбат берген дереккөз Хлебникова алдын ала мәлімет бойынша, улану салдарынан ауруханаға жатқызылғанын айтқан.

Әнші, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникованың пәтеріндегі өрттің ықтимал себебі темекіден тұтанған өрт болуы мүмкін, деп хабарлайды РЕН ТВ. Телеарна мәліметінше, әнші темекімен ұйықтап кеткен, соның салдарынан өрт шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети