Мәскеуде төбелестен кейін белгілі актердің ұлы ауруханаға түсті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде төбелестен кейін белгілі актердің ұлы ауруханаға түсті Максим Дрозд ұлы Егормен. Сурет © Instagram / maxdrozd

Мәскеуде "Гражданин начальник", "Штрафбат", "Охота на пиранью", "Ликвидация", "День Д" фильмдерінде ойнаған 53 жастағы театр әрі кино актері Максим Дроздтың ұлы аяусыз соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МК" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде "Гражданин начальник", "Штрафбат", "Охота на пиранью", "Ликвидация", "День Д" фильмдерінде ойнаған 53 жастағы театр әрі кино актері Максим Дроздтың ұлы аяусыз соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "МК" сайтына сілтеме жасап.

"Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Сауығып кетуі үшін тілеулес болуларыңызды сұраймын", - деді танымал әртіс.

Алайда ол болған оқиғаның егжей-тегжейін ашып айтпады, тек ұлының аяққа тұрып кетуін тілейтінін айтты.

Басылым мәліметінше, 11 желтоқсанда кешке Мәскеудің батыс жағында төбелес болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, төбелескендердің мас болғаны айтылады. Жас жігіт басынан қатты соққы алып, есінен танып қалған. Ол Боткин ауруханасына түсті.

REN TV арнасы дәрігерлер 24 жастағы науқасқа бас миының контузиясы, бас сүйегі сынған деген диагноз қойғанын хабарлады. Сонымен қатар, дәрігерлер субдуральды гематоманы анықтаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети