01 ақпан 2021 17:22

Мәскеуде Юлия Навальнаяға айыппұл салынды

Фото ©REUTERS

Тұтқындалған ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жары Юлияға 20 мың рубль көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұтқындалған ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жары Юлияға 20 мың рубль көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды РИА Новости

Басылым мәліметінше, Юлия Навальнаяға митингіге қатысқаны үшін айыппұл салынған. 

Реклама
Реклама

"Сот оны "Жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына кедергі келтіретін акцияға қатысу" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 мың рубль айыппұл салды", - деді РИА Новостиге Мәскеудегі Щербинский сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Юлия Навальная 31 қаңтарда Мәскеуде ұсталған. БАҚ мәліметінше, ол Алексей Навальныйды қорғауға арналған наразылық акциясы кезінде ұсталған.

31 қаңтарда Ресейдің бірқатар қаласында 18 қаңтарда "Ив Роше" ісі бойынша сынақ мерзімінің шарттарын бірнеше рет бұзды деген айыппен қамауға алынған Алексей Навальныйды қолдауға арналған акциялар өткен еді.

БАҚ 31 қаңтарда бүкіл Ресейде акцияға қатысқандарды жаппай қамауға алу әрекеті туралы хабарлаған. Наразылық білдірушілерге қарсы таяқтар мен электршок қолданылған.

"ОВД-инфо" мәліметтеріне сәйкес, митингіге шыққандарды ұстау бойынша рекорд тіркелген: 89 қалада 5 441 адам ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram