01 ақпан 2021 08:26

Мәскеуде Юлия Навальная ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/yulia_navalnaya Фото: Instagram/yulia_navalnaya

Мәскеуде полиция Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәскеуде полиция Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Подъем" Telegram-каналы Юлия Навальнаяның келісілмеген акция кезінде ұсталғанын нақтылады. Арасында Навальная бар бір топ адам "Матросская тишина" тергеу изоляторына қарай бара жатқанын жазды.

DW.com мәліметінше, Мәскеудегі акцияға 2 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Ресей ІІМ мәскеулік департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство қызметкерлері бұл санаққа акция кезінде қызмет бабымен жүрген журналистерді де қосқан. Сондай-ақ бұл - Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.30-дағы көрсеткіш. "ОВД-Инфо" құқық қорғау интернет-порталының хабарына қарағанда, Ресейде наразылық акцияларында ұсталғандар саны 2291-ге жетті, Мәскеуде - 520, Владивостокта - 120, Санкт-Петербургте - 242.

Ресейдегі митингілер. Онлайн-трансляция

Бұған дейін Санкт-Петербургте рэпер Oxxxymiron ұсталғаны хабарланған болатын. Ол жергілікті полиция бөлімшелерінің біріне жеткізілді. Алайда кейінірек босатылды.

Айта кетейік,18 қаңтарда "Ив Рошер" ісінде сынақ мерзімін сақтау шарттарын бірнеше рет бұзды деген айыппен қамауға алынған Алексей Навальныйды қолдау үшін 31 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында санкцияланбаған акция өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети