31 қаңтар 2021 15:51

Ресейдегі митингілер. Онлайн-трансляция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tayga.info Фото: tayga.info

31 қаңтарда Ресейдің бірқатар қаласында Алексей Навальныйды қолдау үшін митингілер мен рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


31 қаңтарда Ресейдің бірқатар қаласында Алексей Навальныйды қолдау үшін митингілер мен рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше телеарна мен Youtube-арналар оқиға орнынан тікелей трансляция жүргізіп жатыр.

"ОВД-Инфо" мәліметі бойынша, қазірдің өзінде бүкіл елде 465 адам ұсталған, оның ішінде Владивостокта - 108, Красноярскіде - 82, Новосибирскіде - 56, Новокузнецк қаласында - 31 және Иркутскте - 27 адам. Мәскеуде тоғыз адам, Санкт-Петербургте 2 адам ұсталды.

ОМОН сарбаздары Мәскеудегі "Сухаревская" метросының маңында қызметтік автокөліктерінен түсіп, метр жанындағы аймақтан ешкімнің шығуына жол бермей жатыр, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Тілшінің мәлімдеуінше, "Сухаревскаяда" келісілмеген акцияның кем дегенде 70 қатысушысы ұсталған. Оқиға орнында БАҚ өкілдері көп екен.

Ал Владивостоктағы Амур шығанағы маңындағы келісілмеген митингіде шамамен 100 адам ұсталған.


Фото: Tayga.info

23 қаңтарда Ресей қалаларында келісілмеген митингілер өтіп, полицейлермен қақтығыс болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети