20 желтоқсан 2019 09:23

Мәскеудегі атыс: Қауіпсіздік қызметі оқиғаны теракт деп таныды

© REUTERS © REUTERS

Мәскеудегі атыс Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметінің қабылдау бөлмесінде болған. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Москва" қалалық жаңалық агенттігі. 


Мәскеудегі атыс Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметінің қабылдау бөлмесінде болған. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Москва" қалалық жаңалық агенттігі. 

"Атыс ФҚҚ қабылдау бөлмесінде Кузнецкий Мост көшесі, 23-үйде сағат 18:10-да болды. Үш бейтаныс адам ФҚК ғимаратына баса-көктеп кіріп, оқ ата бастаған. Атыс кезінде қабылдау бөлмесінің күзетшісі мен екі шабуылдаушы қаза тапты. Тағы бір шабуылдаушы көшеге шығып, оқ жаудыра бастады. Нәтижесінде ЖҚҚМИ өкілі қаза тапты", - деп мәлімдеді ведомство. 

Шабуылшы Кузнецкий Мост көшесіне дейін 300 метрдей жүгіріп, Воровский көшесіне бұрылған. Артынша ол Большая Лубянка көшесіндегі үйлердің біріне барып, жасырынған. 

"Ол жерден ФҚҚ Арнайы мақсаттағы орталығының және Шұғыл әрекет ету тобының қызметкерлеріне оқ атқан. Атыс кезінде шабуылдаушы сағат 19:15-те қаза тапты. Қаза болғандар туралы ақпарат анықталып жатыр", - дейді ведомство өкілдері. 

Арнайы өкілдердің айтуынша, Мәскеудегі атыс теракт деп танылған. Атысты ұйымдастырғандардың экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети