31 қазан 2017 09:33

Мәскеудегі сауда орталығында жалаңаш әйел жұрттың көзінше қызын шешіндірмекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Мәскеудегі сауда орталығында жалаңаш әйел жұрттың көзінше қызын шешіндірмекші болды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".


Мәскеудегі сауда орталығында жалаңаш әйел жұрттың көзінше қызын шешіндірмекші болды, - деп хабарлайды "Комсомольская правда".

Мәскеудің солтүстік батысында орналасқан сауда орталықтарының бірінде жұрт кішкентай қызын "Ол да дәл мен сияқты" деп шешіндірмек болған әйелді тоқтатты. Осы жағдайды куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. 

Видео болжаммен 24 қазанда "Азбука вкуса" дүкенінің алдында түсірілген. "Мен оны өсірдім. Керек десеңіздер, мен барлығын шешіп тастаймын. Мен оны ешкімге бермейтінімді білсе деймін", - дейді жалаңаш әйел. 

Осының алдында әйел адам күйеуінен Алиса есімді қызын алып кеткен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлерге куәгерлер әйел адамның қыздың күртесін және бөрігін шешіп жатқанда, қызы тыңдамағаны үшін бірнеше рет ұрғанын айтты. 

"Жоқ, менің қызымды киіндірмеңіздер! Ол да тура мен сияқты, неге түсінбейсіздер?!" - дейді әйел адам қызын шешіндіріп жатқан кезде қарсылық білдірген адамдарға. Ролик авторының айтуынша, "басты кейіпкер әйел" есірткінің күшімен осындай әрекетке барған. Алайда сараптама жасалғаннан кейінгі қандай қорытынды шыққаны белгісіз.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети