10 маусымда кешкі уақытта Мәскеу маңындағы Каратова ауылында жергілікті тұрғын өз үйінде оқшауланып, көшедегі адамдарға оқ атқан. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Москва-24" телеарнасы.
10 маусымда кешкі уақытта Мәскеу маңындағы Каратова ауылында жергілікті тұрғын өз үйінде оқшауланып, көшедегі адамдарға оқ атқан. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Москва-24" телеарнасы.
Алты сағат бойы ер адам полицейлермен атысқан, арнайы қызмет өкілдеріне жарылғыш заттар лақтырған. 14 рет жарылыс болды. Атыс барысында ер адам отырған үйдің шатыры өртенді. Екі сағаттан соң үй толығымен өртеніп кетті.
Оқиға орнына ер адамның әкесі келді, алайда ол қарт кісіні тыңдаудан бас тартып, келіссөз жүргізбейтінін анық түсіндірді.
Ауылға Ресейдің ұлттық гвардиясынан қосымша қарулы күштері тартылды: брондалған екі транспортер, әскери және полицейлер жүк көлігі және үш "Тигр" брондалған автомобилі.
Арнайы операцияға құқық қорғау органдарының шамамен 250 қызметкері қатысты. Алайда, соған қарамастан ер адам қоршауға алынған үйден сытылып шығып кеткен. Сол кезде қарулы күштер барлық аумақты тінтіп, оның қайда жасырынғанын тапқан. Сөйтіп, оны жан-жақтан қоршауға алып, түн жарымында көзін жойды. ІІМ өкілдері оның ұстау кезде белсенді түрде қарсылық көрсеткенін мәлімдеді.
Осы ауылға Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцев келді. Ол арнайы қызмет өкілдерінің төрт қызметкері жараланғанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, тергеушілер қылмыскердің әрекетіне баға беріп, мотивін анықтайтын болады.
Ер адамның есімі Игорь Зенков екені белгілі болды. Ол 1967 жылғы, бұрынғы ТЖМ қызметкері және сонымен қатар, әзірше нақты емес мәліметтер бойынша, ол Шешенстанда соғысқан. L!FE порталының мәліметінше, "Мәскеулік Рембо" ауған соғысына қатысқан және полицияда қызмет еткен, сол себепті де ол мылтық пен жарылғыш заттарды еркін қолданған. Оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін.
РЕН ТВ арнасының иелігінде қылмыскердің суреті пайда болды.
РИА Новости дереккөзінің мәліметінше, "Кратов атқышы" Отан Соғысы кезіндегі қаруларды пайдаланған. Ол оларды Мәскеу маңындағы бір орманнан заңсыз қазып алған және тіркеуге қоймаған.
Оның лақтырған гранаталары да қорғаныс үшін емес, шабуылдауға арналған және Ұлы Отан соғысы кезінде шығарылған.
Көршілерінің бірінің ол туралы айтқаны: "Ол тыныш болатын. Балалары да ешкімі болмады. Анасымен тұратын, анасы жатып қалғанына біраз болды. Өте тұйық адам болатын, мен оны жеке танымайтынмын, бірнеше рет көрдім - бар болғаны сол".
L!FE мәліметінше, Зенков ТЖМ қызметінен денсаулығына байланысты жұмыстан шығып қалғаннан кейін, көршілерімен жиі жанжалдасатын болған. Көршілері оның есі-ауысқан болуы мүмкіндігін айтады.