"Махаббат және кептерлер" фильмінің жұлдызы Нина Дорошина қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Махаббат және кептерлер" фильмінің жұлдызы Нина Дорошина қайтыс болды

"Махаббат және кептерлер" фильмінің жұлдызы Нина Дорошина қайтыс болды, деп хабарлады РЕН телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Махаббат және кептерлер" фильмінің жұлдызы Нина Дорошина қайтыс болды, деп хабарлады РЕН телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, 20 сәуірде Дорошина кеудесіндегі ауруға байланысты дәрігерлерді үйіне шақырған. Дәрігерлер келіп, тексеріп, актрисаның жүрегіндегі ақауды байқапты (әртіс 83 жаста болған).

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, Нина Дорошина өз үйінде көз жұмды. Қайтыс болуының себебі - қан айналымы жүйесінің ауруы.

"Таңертең оның көршісі көмекке шақырып, айқайлаған дауысын естіпті. Әйелдің пәтерінің есігі ашық болған. Ол жүрегін ұстап, ауыр тыныстаған. Дәрігерлер дереу жетті, бірақ құтқарып қалу мүмкін болмады. Бірнеше минуттан соң Дорошина көз жұмды", - делінген хабарламада.

Нина Дорошина 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Ол Щукина атындағы Театр училищесін бітірген. 1959 жылдан бастап мәскеулік "Современник" театрында ойнады. Ол кинода жиырмадан аса рольді сомдаған. 1983 жылы Бүкілодақтық театр фестивалінде "Махаббат және кептерлер" спектаклі үшін тұңғыш сыйлығын алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети