ПОДЕЛИТЬСЯ
22 мамыр 2022 | 16:07
Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті
Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ-ға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ-ға сілтеме жасап.
21 мамырда ДДСҰ ұйымға мүше 12 эндемиялық емес елден 92 адамның маймыл шешегі ауруын жұқтырғаны туралы хабарлама алды. Тағы 28 жағдай тексеріліп жатыр.
"Бүгінде осы аурумен байланысты бірде-бір өлім тіркелген жоқ", - делінген ұйым хабарламасында.
ДДСҰ мәліметінше, маймыл шешегі ауруы эндемиялық аймақтардағы саяхатпен байланысты емес.
Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.
Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также