22 мамыр 2022 16:07

Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ-ға сілтеме жасап.


Маймыл шешегі ауруын жұқтырғандар саны 92-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ-ға сілтеме жасап.

21 мамырда ДДСҰ ұйымға мүше 12 эндемиялық емес елден 92 адамның маймыл шешегі ауруын жұқтырғаны туралы хабарлама алды. Тағы 28 жағдай тексеріліп жатыр. 

"Бүгінде осы аурумен байланысты бірде-бір өлім тіркелген жоқ", - делінген ұйым хабарламасында.

ДДСҰ мәліметінше, маймыл шешегі ауруы эндемиялық аймақтардағы саяхатпен байланысты емес. 

Маймыл шешегі адамдарға жануарлардан беріледі. Бұл - 1970-жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирусты зооноз ауруы. Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне таралады.

Бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған еді.

 
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети