Маймыл шешегі Еуропаның тағы бір елінде анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маймыл шешегі Еуропаның тағы бір елінде анықталды © Reuters

Финляндияда 27 мамырда алғаш рет маймыл шешегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндияда 27 мамырда алғаш рет маймыл шешегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Инфекция Еуропада жүрген ер адамнан табылды. Науқас қазір жазылып келеді.  Ауруға күдік барын 25 мамырда хабарлаған.

Маймыл шешегі - адамдарға жануарлардан берілетін, 1970 жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне тарайды.

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған болатын. Сонымен қатар, ұйым өкілі Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайтынын жеткізген еді.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде аурудың 200-ге жуық расталған жағдайы тіркелген, бірақ іс жүзінде олардың саны едәуір көп болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети