Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өкілдері Ұлыбританияға келген адамдар арасында маймыл шешегінің таралу қаупін бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұйым аурудың одан әрі таралу қаупі аз екенін хабарлады. ДДСҰ мәліметінше, ,бүгінде инфекцияның үш жағдайы белгілі. Науқастардың екеуі ауырмай тұрып Нигерияға барған. Олар карантинге жатқызылды.
Алғашқы пациент 7 мамырда Корнуоллда анықталды, ол Лондонда емделіп шықты. Инфекция жұқтырған екінші адам Ливерпульде ауруханаға түсті. Осыдан кейін Біріккен Корольдіктің Денсаулық сақтау органдары байланыста болған адамдарды анықтауды және олармен жұмыс істеуді үйлестіру үшін жағдайды басқару тобын құрды.
UKHSA has detected four new cases of monkeypox – three in London and one in the North East of England 🧵Thread:
— UK Health Security Agency (@UKHSA) May 16, 2022
These cases do not have known connections to the previous confirmed cases announced on May 7 and May 14. Read more: https://t.co/e8jksQo9Av
ДДСҰ ауру малмен байланысқа түспеуді және жабайы жануар етін тағамда қолданбауға кеңес берді. Вирустық инфекцияның нақты көзі қайдан екені белгісіз, сол үшін Нигерияда ауру таралу қаупі сақталып отыр.
Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!