Англиядағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін медбике видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды The Guardian.
Англиядағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде жұмыс істейтін медбике видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды The Guardian.
Ширли Уоттс есімді медбике көзіне жас ала отырып, жұмыс істеп жүрген ауруханада дәрігерлердің жетіспейтінін айтып, салдарынан медбикелердің өз өміріне қауіп төндіруге мәжбүр болып жатқанын айтады.
"Түріме қараңыздаршы. Маска тағып жүргеннен мұрным тітіркеніп кетті. Оны таңғы жетіден бері шешпей тағып жүрмін. Жағдай ушығып жатыр. Ауруханада да жағдай қиын. Қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз", - дейді медбике.
Медбикенің айтуынша, инфекцияның таралуының алдын алудың тек біржолы бар - ол үйде отыру.
"Біз адам өмірін сақтап қалуға тырысып жатырмыз. Сіздерді және сіздердің жақындарыңыздың өмірін аман алып қалуға тырысып жатырмыз. Сіздердің менің дәл осы жағдайдағы түрімді көргендеріңізді қалаймын. Адамдарға мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінгенін қалаймын", - дейді ол.
Айта кетейік, бүгінде Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 6 000-нан асқан , ал вирус жұқтырғандардың саны - 55 мың.
Дәрігер коронавирус жұқтырған жағдайда қалай тыныс алу керегін көрсетті
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!