Мексикада белгісіз біреу қылмыстар туралы хабарлаған журналисті өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада белгісіз біреу қылмыстар туралы хабарлаған журналисті өлтіріп кетті

Мексикада Веракрус штатындағы қылмыстар туралы жазған журналистің басы алынды, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада Веракрус штатындағы қылмыстар туралы жазған журналистің басы алынды, - деп хабарлайды Reuters.

Марқұм жергілікті Diario El Mundo газетінің қызметкері болған. 44 жастағы Хулио Вальдивиа қылмыс пен зорлық-зомбылық туралы мақалалар жазумен айналысқан. 

"Вальдивианың денесі теміржолдың жанында табылды. Оны азапған, содан кейін басын алған", - деді газет қызметкері, ол өзін аноним қалдырды.

"Diario el Mundo отбасы осы кеште Тесонапада өлтірілген досымыз, журналист Хулио Вальдивиа Родригестің орны толмас қазасына қайғырып көңіл айтады", - делінген Twitter-дегі хабарламада.

CEAPP деп аталатын жергілікті БАҚ-ты қорғайтын топ биліктен бұл оқиғаға назар аударуды талап етті. 

Бұл бір жыл ішінде болған журналистің кәсіби қызметіне байланысты төртінші өлімі. Басылымның мәліметінше, Веракрус штаты Мексика және әлемдегі журналистік қызмет үшін ең қауіпті орындардың бірі болып саналады, онда 2010 жылдан бастап 24 БАҚ өкілі өлтірілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети