Мексикада екі күн ішінде екі мэр өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексикада екі күн ішінде екі мэр өлтірілді © internetua.com

Мексикада екі күннің ішінде екі мэр өлтірілді, - деп хабарлайды RT америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап. Сьюдад-Альтамирано қаласының мэрі Аброзио Сото Герреро штатында есірткі картелімен айналысатындардың қолынан қаза тапты.

Қаруланған адамдар тас жолды бөгеп, Сото келе жатқан көлікті бірнеше пикаптан атқылаған. Мэрді алып жүріп келе жатқан екі полицей ауыр жарақат алған. Қала басшысы оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен, Сото Мексикада соңғы екі күнде қаза тапқан екінші мэр. Осыған дейін Чьяпас штатында орналасқан Сан-Хуан Чамула қаласының басшысы өлтірілген болатын.

Сьюдад-Альтамирано қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері "Крестоносец" есіркі картелінің жауынгерлеріне ақы төлеп отыруға мәжбүр екендігіне бірнеше рет шағымданған. Қала мэрі қорғаныс үшін ақы төлемейтіндігін хабарлағаннан кейін қарақшылық топтың мүшелері оны атып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети