Мексика жағалауында магнитудасы 8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.
Мексика жағалауында магнитудасы 8-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері UTC уақыты бойынша сағат 04:49-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Трес-Пикос елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 119 шақырым жерде орналасқан. Ал жерасты дүмпулерінің ошағы 33 шақырым тереңдікте болған.
Milenio TV арнасы оңтүстік-шығыстағы Чьяпас штатының губернаторы Мануэль Веласкеске сілтеме жасай отырып, сол штатта үш адамның қаза болғанын айтты. Ал Universal басылымының мәліметінше, Оахака штатында бір әйел адам қаза болды. Excelsior басылымы Табаско штатының губернаторы Артуро Нуньеске сілтеме жасай отырып, екі баланың қаза болғанын хабарлайды. Сондай-ақ, Prensa Libre басылымы Гватемаладағы Сан-Маркос департаментінің губернаторына сілтеме жасап, Такан қаласында тағы бір адамның қаза болғанын хабарлайды.
© REUTERS
Earthquake in Mexico. @EdwinVernon2 ARE you ok. Heard it was felt in Belize pic.twitter.com/jY3GrQ2qEt
— Denise Nicholas (@deedeereggie) 8 сентября 2017 г.
WATCH: Video Shows Moment Deadly #Earthquake Struck In Chiapas, #Mexico. #Temblor Mag 8.4 pic.twitter.com/tjMnYkvFNc
— Boo (@P4tR10tBoo) 8 сентября 2017 г.