Мексиканың мемлекеттік тергеу агенттігінің мамандары дүйсенбіде елдің солтүстігіндегі Нуэво-Леон штатында өңірлік картель басшысын ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мексиканың мемлекеттік тергеу агенттігінің мамандары дүйсенбіде елдің солтүстігіндегі Нуэво-Леон штатында өңірлік картель басшысын ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"AEI қызметкерлері Солтүстік-шығыс картелінің басшысы 38 жастағы Родольфо "Н" (лақап аты "Мостро" немесе "Эль Помо") ұстады", - деп жазады Excelsior басылымы агенттіктің хабарламасын.
AEI директоры Эстебан Кантудың айтуынша, ұстау кезінде әскери қақтығыстар болмаған. Оның бәрі алдын ала жасалған барлау жұмыстарының арқасында мүмкін болған. Ұсталғандар өңірде істеген зорлық актілері үшін жауап беретін болады.
Эль Посо бірнеше қылмыс түрі бойынша айыпталған, адам ұрлау, кісі өлтіру және есірткі саудасы. Қаңтар айының басында ел билігі Солтүстік-шығыс картелін америкалық туристердің автокөлігіне шабуыл жасады деп айыптады.